“51 орта мектеп” МКМ
Мектепішілік “БІРІККЕН СУПЕР СЫНЫП” жобасы бойынша 9-сыныптар арасында “ҮЗДІКТЕН ҮЗДІК” атты интеллектуалды сайыс өтті. Сайысқа 9-сыныптың оқушылары қатысып, білім мен логиканы бірге ұштастыра отырып, бақтарын сынады. Сайыс барысында түрлі пәндерден сұрақтар қойылып, топтық жұмыс жасалып, қатысушылар арасында ең білімді оқушылар анықталды. Интеллектуалды сайыс нәтижесінде үздік деп танылған топтар марапатталды. Сайыс білім алушылар арасындағы достық пен салауатты бәсекелестікті нығайта түсті деп сенеміз!