Бүгін мектебімізде төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру мақсатында жер сілкінісі жағдайына арналған оқу-жаттығу жұмысы өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында:
дабыл сигналы берілді;
оқушылар мен мұғалімдер қауіпсіз эвакуация тәртібімен мектеп ғимаратынан шықты;
жиналу нүктесінде оқушылар саны тексерілді;
төтенше жағдай кезіндегі дұрыс әрекет ету жолдары түсіндірілді.
Бұл шараның мақсаты — төтенше жағдай туындаған кезде балалардың да, қызметкерлердің де дер кезінде әрі дұрыс әрекет етуін үйрету, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Оқу-жаттығу жоғары деңгейде өтті, барлық қатысушылар белсенділік танытты.
Мектебіміз қауіпсіздік ережелерін сақтауды әрдайым басты назарда ұстайды.