Өткен аптада мектебімізде 5-сынып оқушылары үшін ерекше әрі жарқын Күзгі бал ұйымдастырылды!
Мерекелік кеш барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, түрлі сайыстарға қатысып, көңілді би билеп, достарымен бірге тамаша уақыт өткізді.
Балға келген әр оқушы ерекше көңіл-күймен, әдемі киіммен көзге түсіп, күздің көркін аша түсті. Кеш соңында ең белсенді қатысушылар мен үздік образдар иегерлері марапатталды!
Осындай іс-шаралар — оқушылардың бір-бірімен жақын танысып, шығармашылықтарын дамытуына үлкен мүмкіндік. Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!